02.09.2015 в 17:54

300 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді

1-ші қыркүйек күні Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында жаңа мектеп өз есігін айқара ашты.

Көздің жауын алар үш қабатты білім ошағы 300 орынды. Жаңа мектептің лентасын қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев пен облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Теміралиева қиып, оқушыларға сәттілік жолдады. Осы уақытқа дейін ескі мектепті екі -үш аусымда білім алып келген отқушылар енді соңғы заманауи үлгідегі жаңа ғимаратта білім алады. Әрине мұның бәрі Елбасының жасаған бағдарламасының жүзеге асуы. Сондықтанда жылда ҰБТ-ден жоғары нәтижеге жетіп келе жатқан кентаулық оқушылар биылда жақсы нәтиже көрсетеді деген үміт бар.