02.09.2015 в 17:58

Конституцияға 20 жыл

Қазақстан республикасының Конституциясына 20 жыл толды. Осыған орай Кентау қаласында мерекелік іс шара аталып өтті. Алғы сөзді алған қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев «Бүгін Ата Заңымыз қабылданған - Елеулі күн деп бастады.

"Конституция - еліміздің әлемдік өркениетке қарай қарышты қадам басуының алғышарттарын жасап берген жасампаз құжат. Ол егемендіктің алғашқы шағында қабылданған болатын. Бұл қазақ жерін мекендеген байырғы ел жұрттың сан ғасырлық арманы болса, демократиялық даму жолын таңдаған жас республиканың басқа елдермен терезесі тең болып, қанатын кеңінен жаюына мол мүмкіндік ашып берді." - деп қала тұрғындарын құттықтап өтті.

Елбасының бұйрығын негізге ала отырып, шаһардың дамуына атсалысып, оның көркейуіне елеулі қызмет жасап жұрген біршама азаматтарды алғыс хаттармен марапаттап, оларға төс белгілер тақты. Сондай үрдісте қалалық мәслихат хатшысы Керімжан Сырлыбаев пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы «Нұр Отан» партиясының мүшесі Исахан Жұмабайұлыда мерекеге қатысушыларды да біршама құттықтап өтіп,  оларды алғыс хаттармен марапаттап қоюды ұмытпады. Шара соңында қаланың бірнеше өнерпаз жастары ән айтып, би билеп  өз өнерлерін баршаға паш етті.