Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі болып өтті. Жиынға тиісті сала мамандары шақырылып, бүгінгінің өзекті мәселелерін талқыға салды.
Дөңгелек үстел мәжілісінің басты мақсаты: азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу негізге алынып, өз қызметін жеке пайдасы мен мүддесі үшін пайдаланған мемлекеттік қызметкерлердің іс-әрекетіне тосқауыл қою шаралары айтылды. Жемқорлық белгілерін анықтау үшін «біз әрдайым тыңғылықты бақылаумен жұмыс атқаруға тырысамыз.
Себебі, ел экономикасына кері әсер ететін ең басты қауіп-қатер осы жемқорлықтан басталады» - деді, Шымкент қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Асқар Мамырбаев. Басқосуда жер қатынастарына қатысты бірнеше мәселе талқыланды. Мүлікті жария ету, тіркеуге тұру жайында сауалдар көбірек қойылды.
Мүлкін мемлекетке жария етпей пайда тауып, жұмыс істеп жатқан азаматтардың да іс-әрекетіне тосқауыл қою ұсыныстары айтылды. Үйін, жерін, көлігін жалға беріп, бірақ одан түскен қаражатты қолма-қол алады. Бұл ҚР тұрғын үй, жер телімі, мүлікті жалға берудің азаматтық және салық кодекстерінің орындалмағанын көрсетеді, - деді жиналғандар.
Дерек көзі: shymkenttv.kz