22.09.2015 в 09:05

ОҚО әкімі Ақтаудағы қаза тапқан сарбаздардың отбасына көңіл айтты

Таяуда, Маңғыстау облысында өткен «Орталық-2015» оқу-жаттығуы кезінде төрт әскери қызметшінің суға кетіп, қаза тапқаны белгілі.

Бейбіт күнде сарбаздардан айырған Ақтау қаласындағы қайғылы жағдай барша отандастарымыздың қабырғасын қайыстырғаны рас.Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің 25744 әскери бөлімі жедел қызметінің сарбаздары Атырау, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тумалары. Отан алдындағы борышты өтеу кезінде қыршын кеткен 19 жастағы жігіттердің туған-туыстарына Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының атынан және облыс әкімінің атынан қайғырып көңіл айтамын.  

Олар колледждегі оқуын бітірген соң әскерге шақырылған болатын. Бір айдан соң жауынгерлер үйлеріне қайтуы тиіс еді.

Қайтыс болған сарбаздардың бірі Бауыржан Жолдыбай  - біздің жерлесіміз. Жастығына қарамай, жауынгер, әскери борышын өтеу кезінде, қайсарлығы мен отансүйгіштік қасиетін таныта білді.

Бірер күн бұрын, кешке, әуежайдан Бауыржан Жолдыбайдың мәйіті қойылған арнайы бортты ОҚО қорғаныс істері жөніндегі департамент пен облыс әкімдігінің қызметкерлері қарсы алды. Келесі күні оның құрметіне салтанатты митинг ұйымдастырылып, жерлеу рәсімі өтті.

Жас батырды соңғы сапарға облыс әкімінің орынбасары С.Қаныбеков, ОҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы Т.Әліқұлов, Шымкент әскери комиссариатының басшысы А.Шегебаев пен әскери қызметкерлер және марқұмның туыстары шығарып салды. Жауынгердің отбасына материалды көмек көрсетіледі.