Өңірімізде жоғары білім алушыларға жаңа бағдарлама ұсынылмақ деп хабарлайды ОҚО кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Сапалы және жоғары білімді кадрларды табу мәселесі бүгінгі таңда елдегі кәсіпорындарының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына күн сайын кәсіпкерлерден біліктілігі жоғары кадрлар қажетілігі туралы көптеген сұраныстар келіп жатыр. Мамандар келуде, бірақ, оларды өндірісте қайта оқытып, үйрету керек дейді кәсіпорындар басшылары. Маңызды сұрақтардың бірі - кадрларды жұмысқа орналастыру. Біз оларды оқытып, қаражат пен уақытымызды жұмсаймыз, бірақ студенттер жоғары жалақыға құмарланып басқа кәсіпорындарға кетіп қалуы да жиі кездеседі.
Аталмыш мәселелерді шешу мақсатында 2014 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ҚР Білім және ғылым министірлігімен бірлесіп «Дуалдық оқыту жүйесінің жол картасы» әзірленіп, Үкімет қаулысымен бекітілді. Дуалды карта аясында республиканың 611 кәсіпорны 10 000 студентті даярлауға тапсырыс беріп, оның ішінде 2 000 студентті құрайтын ең көп тапсырыс ОҚО-дан түсті. Облыс бойынша 89 кәсіпорын жеңіл өнеркәсіп, металлургия, ауыл шаруашылығы, машина жасау және т.б. сияқты 9 сала бойынша кадр даярлауға тапсырыс берді.
10 мемлекеттік жоғарғы оқу орындарындағы бақылау кеңестері құрамына ҰКП өкілдері кірді. Бақылау кеңесінің шешімдерінің бірі тәжірибені 60%-ға дейін көбейту болды.
[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/09/IMG_9478.jpg"]
[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/09/IMG_9414.jpg"]
Еске салсақ, 2014 жылы Үкімет экономиканың басым салалары бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлау қажеттігі туралы шешім қабылдаған болатын. Индустрияландырудың екінші бес жылдығы жобаларын жүзеге асыру үшін жақын болашақта мыңдаған мамандар керек болады, олардың көп бөлігі – жоғары білімі бар мамандар. Сол себепті елдің ең үздік 10 ЖОО таңдап алынған болатын.
Жаңа оқу бағдарламасына сәйкес тек колледжер ғана емес, ЖОО-да бизнес-құрылымдармен бірлесіп нарық қажеттіліктеріне сәйкес мамандарды даярлау қажет. Оңтүстік өңірдің кәсіпорындарына (Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары) жоғары білімді мамандарды даярлайтын базалық ЖОО болып М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып бекітілген.
Осы оқу орнында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров жаңа оқу бағдарламаларына бастау берді. Бағдарлама үш бағыт бойынша оқытатын болады: химия, тамақ және құрылыс саласы.
- Бүгінгі таңда ОҚО Кәсіпкерлер палатасына 15 ірі өнеркәсіптік компания жоғары білімді кадр қажеттілігі бойынша жүгінді, - деді ОҚО Кәсіпкелер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров. Университеттің бизнеспен тығыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажет. Ол оқу бағдарламаларын бизнеспен келісу, арнайы оқу орталықтарын ашу және студенттердің тәжірибеден өтуі үшін жұмыс орнымен қамтамасыз етуден басталуы керек.
ОҚО Кәсіпкерлер палатасы мен М.Әуезов ат. ОҚМУ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында ЖОО-да дуальдік оқытуды дамыту да қарастырылған. Бүгінгі таңда «Стандарт цемент» АҚ, «Оңтүстік құрылыс сервис» ЖШС, «Еврокристалл» ЖШС, «Tectum Engineering» ЖШС, «Химтехника» АҚ және т.б. сынды 15 кәсіпорын жас мамандарды даярлауға қатысатын болады. Өз кезегінде біз «Бизнес-ЖОО-Бизнес» форматында кадрларды кәсіби даярлау процесіне белсенді қосылуға шақыра отырып, жұмыс берушілермен және бизнес қоғамдастықпен жаңа қарым-қатынасты орнатуға көмек көрсетеміз, – деді А.Әбубәкіров.
[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/09/IMG_9493.jpg"]
[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/09/IMG_9394.jpg"]
[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/09/IMG_9309.jpg"]
[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/09/IMG_9296.jpg"]
[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/09/IMG_9253.jpg"]
[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/09/IMG_9092.jpg"]