03.10.2015 в 10:37

Оңтүстікқазақстандық мұғалім еліміздің үздік педагогы атанды

 Кеше, 2 қазан күні облыс орталығы − Шымкент қаласында «Мұғалімдер күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын болып  өтті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Мерекелік іс - шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов барша ұстаздарды айтулы күнмен құттықтады. Сонымен қатар,  елеулі еңбек еткен өңіріміздің үздік педагогтарын облыс әкімінің Құрмет грамотасымен  марапаттады.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен өткен  республикалық байқау өз мәресіне жетіп, осы байқауда облыстағы №3 Кентау қазақ-түрік ер балалар лицейінің ұстазы Құралай Әпет Амантайқызы «Үздік педагог» номинациясына ие болды, осыған қоса бір жарым млн теңгеден астам қаржылай сыйлық алды.

Оңтүстік Қазақстанда бес жүз сексен бес мың оқушы болса, оларға 63500 ұстаз білім беріп келеді. Бұлардың елу үш пайызы жоғары және бірінші санаттағы педагогтар. Ал мұғалімдердің 20 пайызы әр жыл сайын біліктілігін арттыру мақсатында арнайы курстардан өтеді.

Облыста биылғы жылға елу төрт білім ордасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін тағы да жеті нысан  ашылады деп жоспарлап отыр.

[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/10/DSC_0089.jpg"]