03.10.2015 в 11:15

«Бұқаралық ақпарат құралдары  және авторлық құқық» тақырыбында семинар болды

Кеше, 2 қазан күні «Алтын орда» бизнес орталығында облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыстық, аудан, қалалық БАҚ өкілдеріне арналған «Бұқаралық ақпарат құралдары және авторлық құқық» тақырыбында семинар болып өтті.

Бұл семинардың басты мақсаты - журналистердің заңдық дәрежелерін жоғарылатуымен қоса Конституциялық құқықтары мен міндеттерін және  БАҚ-ның заң алдындағы жауапкершіліктерін айқындау болып табылады.

Семинар тренингте Қазақстан Ұлттық Теларадиохабар Таратушылар Ассоциациясының БАҚ-на қолдау көрсету орталығының заңгері Қалдыбекова Салтанат Әбдінәсірқызы «Бұқаралық ақпарат құралдары және авторлық құқық» тақырыбында дәріс оқыды.

Семинар барысында журналистерге арналған жалпы авторлық құқық және сабақтас құқық туралы заңнамаға, сұхбаттың құқықтық туралы заңнамаға және де сұхбаттың құқықтық мәртебесіне, БАҚ өкілдерінің қызметтік шығарма жазу ерекшеліктеріне, авторлық құқықты қорғау және тағы да басқа тақырыптарға кеңінен тоқталып өтті.

Сонымен қатар, семинар тренингте заңдық күші бар ережелерді тәжірибеде қолдану басты назарда болатыны және БАҚ басшылары мен журналистердің тәжірибесіндегі жағдайларына да  көңіл бөлінетіні баса айтылды.