07.10.2015 в 14:28

Жемқорлыққа қарсы заң мақұлданды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі пленарлық отырыс барысында депутаттар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру мақсатында әзірленген ілеспе заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

«Заң жобасының мақсаты – cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылсаласындағы заңнаманы жетілдіру арқылы қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ мемлекеттік аппарат пен өзге де салаларды сыбайлас жемқорлықтың көрінуінен туындайтын қатерлерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады», - делінген Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің тұжырымында.

Заң жобасында мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл саласын үйлестіру жөніндегі өкілеттіктері бар сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган айқындалады.

Жобада «сыбайлас жемқорлық», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат», «сыбайлас жемқорлық тәуекелі» деген ұғымдар ашылады, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа шаралары: «сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер», «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг» және т.б. енгізіледі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг барлық сыбайлас жемқорлыққа қарсыіс-қимыл субъектілерімен жүргізілетін болады, оларға сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар жатады», - деп жазылған комитет тұжырымында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу үшін негіз болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтәуекелдерінталдау нысанасы – сыбайлас жемқорлық теріс қылықтар мен құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігін анықтау және зерделеу болып табылады.

Айта кетерлігі, аталмыш заң жобасы 2015 жылғы 16 қыркүйекте бірінші оқылымда мақұлданған болатын. Жұмыс барысында депутаттар заң жобасының мазмұнын жақсартуға бағытталған түзетулер ұсынды.

«Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі баптың мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жөніндегі қызметті ғана емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру бойынша тиісті жұмысты, ақпараттық қызметті, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеуге тәрбиелеуді көздейтін нормалармен толықтырылды», - деп жазылған тұжырымда.