09.10.2015 в 11:03

«Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтті

Бүгін Сырдария ауданының орталығында "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалы, аудандық ішкі істер және аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтті.

Акцияға "Нұр Отан" партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Омаров қатысып, шараның маңыздылығы жөнінде мағлұматтар берді.

Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуді басты мақсат еткен акцияда азаматтық қоғамының ішкі құрылымында саяси белсенділікті қалыптастыру, құқық қорғау органдары мен өзге де мемлекеттік құрылымдарға, әкімшілік полициясының қызметіне тұрғындардың сенімін арттыру, партия мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайту және сенімділікті жүйелендіру, сондай-ақ, мемлекеттік құрылымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды арттыру жұмыстары жүргізілді.

Шарада мектеп оқушылары арсында өткізілген жолда жүру қауіпсіздігін қалыптасыру бағытындағы конкурс, байқаулардың жеңімпазы атанып жүрген №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің 8-9 сынып оқушыларынан құралған "Бағдаршам" тобының мүшелері көлік жүргізушілеріне парақшалар таратты. Құқық қорғау саласының қызметкерлері Ербол Ізтілеуов пен Темірхан Үсенов заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ақтөре Ибрагимұлы