15.10.2015 в 19:56

«Қазыналы Оңтүстік» көптомдығының тұсауы кесілді

Күні кеше, 14 қазанда Астана қаласындағы Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық академиялық кітапханасында  «Қазыналы Оңтүстік» көптомдығының тұсаукесері болып өтті.

Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи, рухани мәдени  мұраларға бай, тың дүниелер қамтылған көптомдық бұрынғы облыс  әкімі (қаз. «НұрОтан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары) Асқар Мырзахметовтың бастамасымен бес жыл бойы жарық көріп  келеді.

«Түркістан кітапханасы» сериясымен Алматы қаласындағы «Нұрлы әлем» баспасынан қазіргі таңда көптомдықтың 311 томы баспа бетін көрді. Жоспарға сәйкес, кітаптар сериясы 500 томға дейін жалғасады. Кітаптың бірінші томы ең алғаш рет 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен жарық көрді.

[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/10/image-14-10-15-07-04-3.jpeg"]

Аталған серияның екінші томы ертегілерге, тағы бір томы толығымен майданнан келген хаттарға арналған. Айталық, әйгілі фольклорист әрі этнограф Ә. Диваев пен Ташкент мұғалімдер семинариясының оқытушысы болған Я. Люшьтьтің бұрын баспа бетін көрмеген ертегілері еніп отыр. Сонымен қатар, «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени ескерткіштері», «Оңтүстік Қазақстан облысының табиғаты», «А. Иассауи кесенесі», «Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы» тәрізді тарқырыптар да қамтылған.

«Қазыналы Оңтүстік» деп аталған бұл көптомды кітапты шығарудағы басты мақсаттың бірі – Оңтүстік Қазақстан облысының тарихы мен мәдениетін, саяси - экономикалық ерекше жағдайын насихаттау еді. Осылай, Қытайлық қаламгерлердің үлгісімен «Түркістан кітапханасы» сериясы бойынша мәдени мұраларды жинақтап, ұрпақтан-ұрпаққа аманаттау жұмыстары тұңғыш рет оңтүстік өңірде бастау алып отыр.