19.10.2015 в 14:45

Қармақшы жеңімпазын күтіп алды

Қармақшылықтар темір жол вокзалынан Латвияның Рига қаласында самбодан 30 ел қатысқан Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері Диана Тілеумұратова қошеметпен күтіп алды.

Жасөспірімдер арасында 48 келі салмақта өнер көрсеткен қармақшылық Диана Тілеумұратова мен №1 Қызылорда облысының мамандандырылған балалар-жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінің спортшысы. Үстіміздегі жылдың желтоқсан айында өтетін Азия чемпионатына Диана Тілеумұратова облыстың намысын қорғайды.

Айта кетейік, қазан айының 8-12 аралығында Латвияның Рига қаласында самбо күресінен жасөспірімдер арасындағы Әлем біріншілігі өткен болатын.

Халықаралық турнирде бақ сынаған қармақшылық жерлесіміз Тілеумұратова Диана /48 кг/ күміс жүлдегер атанды. Диана жарыс жолында Беларус, Румыния спортшыларынан басым түссе, ақтық сында Ресейлік спортшыға жарақатына байланысты жол берді. Диана бұған дейін жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы, спортшыны жарысқа дайындаған Алмаханов Дархан.