21.10.2015 в 09:23

Президент қызылордалық азаматты неге мақтады?

Жер емген бағбан шағын ғана шаруашылықтың аядай жеріне тал-теректің түр-түрін егіп, нағыз орманға айналдырыпты деп хабарлайды КТК арнасы.

“Ағаш өспейтін, ылғи тұзы, соры шығып жатқан жерге мынандай орман өсіру деген қандай керемет. Дәл осындай адамдарды мақтау керек. Себебі Астананың төңірегінде де ағаш өспейді, орман өспейді деп, қандай орман өсті? 70 мың гектар орман өсіп тұр”, – деді Назарбаев.

Қызылорданың топырағын кез-келген ағаш жерсінбейді. Қолайсыз климатының кесірінен тек шөлге шыдамды қарағашты көресің. Бірақ қала іргесіндегі қосалқы шаруашылық елімізде сирек кездесетін тал-теректерді будандастырып, көше бойына отырғызып қойған. Қызылордаға осы сапары кезінде Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті диқандарды да табысымен құттықтады.

Сыр өңірінің шаруалары қаншама жылдан соң бірінші рет биыл күріш жинаудан рекорд жаңартыпты. Олар әр гектардан 50 центнерден астам өнім алған.