22.10.2015 в 07:11

ОҚО-да «Әйел сыры» сахналық новелласының премьерасы өтуде.

Оңтүстік Қазақстандағы Ж.Шанин атындағы Академиялық қазақ драма театрында Б.Абдураззаковтың «Әйел сыры» сахналық новелласының премьерасы өтеді. Аталған қойылым көрермендерге жаңаша форматта ұсынылмақ.

«Әйелсіз өмір – айсыз түн...» демекші, сұлулық пен ұлылықтың символына айналған әйелдеріміздің бүгінде күйі қандай? Әйелдерімізді қадірлеп жүрміз бе?..Міне, әйел жаны сан-алуан апаттардан жанталаса күреспен қайта жанданып, қиындықтан арпалыса шығатынына куәгер болғыңыз келсе - 21-22 қазан күндері өтетін «Әйел сыры» сахналық новелласынан сан-алуан сұрақтың жауабын бірге іздеуге шақырамыз. Бұл сахыналық новелланың премьерасына облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, саясаткер әйелдер клубы мүшелері,  аудан, қала әкімшілігінің өкілдері, аудан, қала комиссия мүшелері,  кәсіпкерлер, шақырылған қатысушылар, бұқаралық ақпарат  құралдарының өкілдері қатысатын болады.

Тағы айтатын бір жайт, бүгін, 22 қазан күні Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі  2015  жылға   арналған   жұмыс   жоспарына   сәйкес  Оңтүстік  Қазақстан   облысының әкімі  жанындағы    әйелдер   істері    және  отбасылық-демографиялық  саясат  жөніндегі комиссияның кезекті кеңейтілген отырысы өтеді.

Бұл отырыста төрт мәселені қарастыру басты мақсат болып отыр. Атап айтқанда, бірінші кезекте Төлеби ауданы «Әйелдердің жағдайы және отбасылық экономикасын дамытуы үшін атқарылған жұмыстар туралы» , екінші кезекте Түркістан қаласы «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» мақсатында, әйелдердің ұрпақ әкелетін денсаулығын сақтау, ана мен баланы қорғау бағдарламаларын  іске асыру туралы» , үшінші кезекте «Оңтүстіқ Қазақстан облысының аудан, қала әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардын  9 айының қорытындысы бойынша 2015 жылда атқарылған жұмыстары бойынша», төртінші кезекте Облыс әкімінің 09.09.2015 жылғы №17 хаттамасына сәйкес гендерлік саясатты іске асыру бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Г.Әбдіқалықованың қатысуымен  конференция өткізу.