24.10.2015 в 12:41

ҚОС ТҰЛҒА МЕРЕЙІ ӘР ОМЫРАУҒА МЕДАЛЬ БОЛЫП ТАҒЫЛДЫ

  «Алтын күз – 2015» мерекесі аясында тойланған Алаш арысы Мұстафа Шоқай мен халық ақыны Нартай Бекежановтың мерейтойы лайықты дәрежеде аталып өтті.      Бірнеше ай бұрын дайындығы басталып, апта сайын пысықталған ірілі-уақты іс-шаралардың басы-қасында аудан басшыларынан бастап, ауыл әкімдері, мекеме жетекшілері, білім мен мәдениет қызметкерлері уақытпен санаспай жұмыс жасады. 

 Өткен аптаның сенбісінде аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев осы береке мен мерекенің мерейін үстем етуге атсалысқандарды аудан әкімшілігіне арнайы жинап, алғыс айтты. Олардың әр қайсысының кеудесіне М.Шоқай мен Н.Бекежановтың 125 жылдығына арналып жасалған мерекелік медаль тақты. Қос тұлға туралы жаңа жарық көрген құнды кітаптарды сыйға тартты. – Үш күнге созылған халықтың қос перзентін ұлықтауға арналған шара мен “Алтын күз” мерекесіне мемлекет қайраткерлері, елімізге танымал ғалымдар мен жазушылар, өнер жұлдыздары қатысты. Осы дүбірлі мереке тұсында аудан абыройының биік болуы – әр шараның шы-райын арттырып, әр қонақтың көңілінен шығу болғаны сөзсіз. Бұл біздің ел-жұртымыздың ауызбірлігін, қонақжай пейілін танытатын басты шарт еді. Осы үдеден шыға білдік. Қос алыбымызды ұлықтап, тұлғалардың жаңа қырларын аштық. Келген қонақтар риза болып тарасты.

“Алтын күз” аясында бір рет Астанаға, үш рет облысқа өз өнімдерімізді, ән-жы-рымызды апарып, халық алғысына бөлендік. Осы міндеттерді бәрі өздеріңіздің белсенділіктеріңіз бен шынайы ықыластарыңыз арқасында атқарылды, – деді

аудан басшысы өз рахметін білдіріп.

Кеше аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев «Алтын күз» мерекесін өткізуге қомақты үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттауды жалғастырды. Мұстафа Шоқай мен Нартай Бекежановтың 125 жылдық мерейтойларына арналған торқалы тойды өз дәрежесінде өткізуге лайықты атсалысқан жандарға ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, Еңбек Ері Ш.Қазанбаева, ардагер журналист М.Жұматова, аудан -ның Құрметті азаматы Ұ.Мәміреева, мәдениет саласының ардагері Ә.Ноғайбаевқа және ел ағаларына, еңбек ардагерлеріне, мәслихат депутаттары мен мекеме бас-шыларына, шаруашылық және көше комитеті төрағаларына мерекелік төсбелгілер тағып, аудан әкімінің алғыс хаттарын табыстады.

Осылайша туған жердің қос тұлғасын ұльқтаған іс-шаралар қорытындысы әр жерлесіміздің жүрегіне қуаныш пен мақтаныш сезімдерін сыйлады