24.10.2015 в 13:12

Ғарыш қаласындағы берекелі жәрмеңке

Байқоңыр қала¬сында ауыл шаруашылығы еңбек керлеріне арналған "Алтын күз – 2015” мерекесі аталып өткен болатын. Орталық алаңда өткен салтанатты шарада Байқоңырқаласы, Қазалы және Қармақшы аудандарының өнерпаздар ыұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сөз басында Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Анатолий Петренкомен об-лыстық мәслихат хатшысы Ақмарал Әлназаров абай қоңырлықтарды бү¬гінгі мерекесімен құттықтап, атқар-ғанжұмыстарына толағай табыс тіледі. Сондай-ақ, шарабарысында Ақмарал Шәріпбайқызы облысымыздың ауылшаруашылығы саласы бойынша жеткен жетістіктерін тілгетиек етіп, бірқатар әлеуметтік сала қызметкерлерін марапаттады.

Байқоңырлықтардың қуанышы¬мен бөлісе келген Арал, Қармақшы және Қазалы аудандары орталық алаңда жәрмеңке ұйымдастырды. Мұнда үш ауданның ауыл шаруашы¬лы¬ғының тауар өндірушілері 10,8 млн теңгені құрайтын 92,3 тонна өнім әкел¬ді. Барлық азық-түлік тауарлары нарықтық бағадан 15-20 пайызға төмен болды. Жәрмеңкеге Арал ауданы 3,5 тонна балық, 2,5 тонна ет және 200 литр шұбат әкелсе, Қармақшы ауданы 5 млн теңгені құрайтын ауыл шарушылығы өнімін тұрғындарға тиімді бағамен ұсынды. Ал қырманы қазынаға толған Қазалы ауданы 15 тонна көлеміндегі азық-түлік өнімін жеткізді.

– Бүгінгі мереке қарсаңында ұйым¬дастырылып жатқан жәрмеңке біз¬¬дер үшін тиімді болып отыр. Ұйым-дастырушыларға алғысымды білді¬ремін. Егін жинау науқанын аяқ¬та¬ған ауыл шаруашылығы маман¬дары биыл да мол өнім алып, облы¬сымыздың барлық өңірлерінде жәр¬меңкелер ұйымдастырып келеді. Ха¬лық үшін жасалып жатқан игі бас¬тамалар алдағы уақытта өз жалғасын таба берсін, – деді қала тұрғыны Ерсұлтан Төлегенов.

Жәрмеңкені Байқоңыр қаласыәкім¬¬шілігінің басшысы Анатолий Пет¬ренко мен облыстық мәслихат хат¬шысы Ақмарал Әлназарова аралап, тауарлар бағамымен танысты. Жәр¬меңкеге белсене атсалысқан үш аудан қала тұрғындарын арзан өнімдермен қуантты.

Дерек көзі: karmakshy.gov.kz