23 қазан күні Барсакелмес табиғи қорығында БҰҰДБ –ның биоәртүрлілікті сақтау жобасы мамандарының ұйымдастыруымен «Экожүйелік қызметтер үшін төлемдер енгізу арқылы табиғатты пайдаланушыларды биоәртүрлілікті сақтау шараларына жұмылдыру» тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында аудан әкімінің орынбасары Р.Өтешов қонақтарды Арал ауданының қазіргі жай-күйімен таныстырды.
Семинарға халықаралық сарапшы Эрик Григорян арнайы қатысты. Эрик Григорян жобаның маңызды тұстарын айта келіп, Арал ауданының табиғатын қайта қалыпқа келтіруде аланын орыны ерекше екендігін атап көрсетті. Аталған жоба тәуелсіз мемлекеттер арасында алғаш қолға алынғалы отыр. Біздің табиғат жағдайымызда бұл жобаның табиғи байлықтарымызды сақтап қалуда берері мен тиімділігі зор болмақ.