26.10.2015 в 12:37

ГРЕК-РИМ КҮРЕСІНЕН ТҰҢҒЫШ РЕТ АРАЛ АУДАНЫНАН ЧЕМПИОНДАР ШЫҚТЫ

Ақмола облысының Жақсы кентінде жасөспірімдер арасында өткен грек-рим күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында 66 кг салмақта Аралдық қос палуан Ақбалаев Берекет БІРІНШІ орын, Қабылов Нұрбол ЕКІНШІ орын иемденіп жеңіс тұғырынан көрінді.

Біздің ауданда грек-рим күресі 2013 жылдан бастап қолға алынған болатын. Осындай аз уақытта чемпиондарымыздың шығуы біз үшін қуанарлық жағдай. Бұл екі чемпионды жарысқа дайындаған- №19 Арал ауданының ОРМБЖ мектебінің жаттықтырушысы Қожекенов Талғат.

Дерек көзі: aral.gov.kz