28.10.2015 в 12:15

Шымкенттегі индустриалды аймақта жаңа зауыт салынбақ 

 26 қазан күні облыс басшылығы мен «Цзинь - Ту - Ди» (Қытай. Дацин) қытай компаниясы жетекшілігінің арасында іскерлік кездесу болып өтті. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған бұл компания суды үнемдеуді ендіру технологиясы бойынша Қытай Халық Республикасындағы ең ірі деген компаниялардың бірі болып табылады. Екі жақтық іскерлік кездесу барысында «Оңтүстік» Индустриалды аймағында зауыт құрылысын бастау туралы әңгімелеп, тіпті келісімге де қол жеткізілді. Енді ғана аяқ басқан жаңа зауыт толық циклды тамшылатып суару құрылғыларының  жабдықтарын шығарып отыратын болады.

Осы жобаға арнайы бөлініп отырған қаржының жалпы құны жиырма сегіз млн. АҚШ долларын құрап отыр. Нысанның бұл құрылысы екі кезеңде іске асырылатын болады. I кезең –2016 жылдың бірінші жарты жылдығында аяқталап бітуі жоспарланса, II-кезең 2017 жылы жұмысын толықтай тәмамдайды деп мақсат қойып отыр. Сонымен қатар, жергілікті шаруалардың ауыл шаруашылығы саласы бойынша біліктілігін әлі де жетілдіру керектігі айтылып, оны арттыру мақсатында зауыт аумағында оқу орталығын құру да назардан тыс қалмады.