04.11.2015 в 11:30

Қызылордада волейболдан күзгі чемпионат басталды

Бүгін, 4 қараша күні Қызылорда қаласындағы "Мұз айдыны" спорт кешенінде волейболдан 2000-2001 және 2002-2003 жылдары туылған қыздар арасында Қазақстан республикасының күзгі чемпионаты басталды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Оған республикамыздың облыс орталықтарынан, яғни 11 облыстан 22 команда, 200-ден аса спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтайды. Чемпионаттың салтанатты ашылуы сағат 16.00-де.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған аталмыш жарыс облыста  алғаш рет ұйымдастырылуда. Ал ұлдар арасындағы ел чемпионаты Павлодарда болады. Жарыс 9 қараша күні аяқталады.