30.05.2014 в 10:52

Путиндік Еуразиялық одақ Ресейдің өзі үшін де тиімсіз

Владимир Путин Әлемдік экономикалық жоғары дәрежелі державаларға балама күш деп бағалады. Бейсенбі күні ол Қазақстан мен Беларусь президенттерімен жаңа сауда блогы – Еуразиялық экономикалық одағын құру жөнінде келісімге келді. Жоспары бойынша одаққа бұрынғы кеңестік республикалар Армения мен Қырғызстан да жақын болашақта қосылуы мүмкін.

«Қол қойылған келісім шын мәнінде тарихи мәнге ие. Біздің халықтарымыздың әл-ауқатын арттырып, экономикалық даму үшін кең мүмкіндіктер ашылып отыр» деп мәлімдеді Путин Қазақстан астанасында өткен құжатты рәсімдеу салтанатында.

Өкінішке қарай, Ресей президенті айтып отырған жаңа блок жоғары дәрежеге көтермейді, тартпайды. Тіпті Армения мен Қырғызстан қосылған күннің өзінде ішкі жалпы өнім 2,6 триллион доллар көлемінде қалады. Бұл дегеніңіз – Еуропалық Одақ ІЖӨ-нің 1/5-і немесе АҚШ пен Қытай ішкі жалпы өнімінің 1/3-і ғана. Бұл блоктың ІЖӨ-нің 80 пайызы және сонша мөлшердегі халық (178 млн.) Ресейге тиесілі. Парижде орналасқан еуропалық қауіпсіздікті зерттеу институтының сарапшысы Нику Попеску «жаһандық экономика тұрғысынан қарағанда айтарлықтай оқиға емес» деп мәлімдеді.

Ресейдің көздеуінде экономикалық емес, саяси себептер жатқан сияқты. «Еуразиялық одақ – бұл Путиннің геосаяси арманын жүзеге асыру» дейді Мәскеудегі Карнеги-орталығынан Николай Петров.

Алайда аталған одақ оған мүше болған мемлекеттер үшін тиімді қадам бола ала ма? Бұрынғы кеңестік республикалар соңғы жылдары Еуропамен, Қытаймен арадағы сауданы тереңдетті. Еуропалық одақ қазір Ресейдің, Қазақстанның және Арменияның басты сауда әріптесі. Қытай өз кезегінде Қырғызстанның ең басты сауда әріптесі. Попеску өткен жылмен салыстырғанда Ресей, Қазақстан және Беларусь арасындағы сауда 7 пайызға қысқарғанын тілге тиек етті.

Еуразиялық Одақ мүше мемлекеттер арасындағы сауданы ғана белсенді жүргізіп, өзге елдерден келетін тауарларға салынатын баж салығын көтереді. Бұның неге апарып соғарын жаңа блок құрылғанға дейін, Кедендік Одаққа кірген соң импортқа баж салығын көтеріп жіберген Қазақстанның жағдайы мысал бола алады. «Елдің орта тап өкілдері Ресейден шығарылатын сапасы төмен көліктерді алуға мәжбүр болды. Себебі еркін импортталады» деп жазған болатын былтыр Вашингтондағы Питерсон атындағы халықаралық экономика институтының экономисті Андерс Аслунд.

Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелері Армения мен Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа кірген соң төлеуге тиіс компенсацияны Ресейден өтініп отыр. Себебі бұл жерде ДСҰ ережелері бұзылуы да мүмкін. Ресеймен тығыз қарым-қатынасты қос қолдап қолдайтын Украинаның ресейшіл экс-президенті Виктор Януковичтің өзі ешқашан еуразиялық блокқа қосылу туралы тіс жармаған еді.

Онда неге қалған мемлекеттер аталған одаққа мүше болуға құмбыл? Қазақ президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұнайдың негізгі бөлігін ресейлік құбырлар арқылы экспорттап отырғаннан кейін Мәскеумен жақсы қарым-қатынаста болуды қалайды. Арменияның Ресеймен байланысы қауіпсіздік саласында. Қырғызстан Қытайдың экономикалық қысымынан және оқшауланып қаламын ба деп қорқады. Ал Беларусь елінде айтарлықтай таңдау да болмады. Себебі Минсктің экономикасы Ресейдің жеңілдікпен берілетін мұнайы мен газына тәуелді.

Аслундтың ойынша, бұл одақ Ресейге де, көршілеріне де зиян. «Ресей үшін жапа шегетін одақтас елдердің обалы ресми Мәскеудің мойынында» дейді халықаралық сарапшы.

Кэрол Мэтлэк (Carol Matlack)

(«Bloomberg Businessweek», АҚШ)