11.11.2015 в 11:03

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауының Қазығұртта орындалуы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты  Жолдауының Қазығұрт ауданында орындалуы бойынша ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің ОҚО филиалында аудан әкімі Б.Қыстауов мәлімдеме жасады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, ауданда жоспарланған 88200 га егістік жер толығымен игеріліп, өткен жылмен салыстырғанда 2900 гектарға артқан. Мәселен, астық дақылдары 100891 тонна, мақсары 15800 тн, күнбағыс 775,2 тн, көкөніс 736 тн, картоп 520 тн, жүгері 1622 тонна өнімжиналған.

Ал, аудан халқын қыс айларында көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында жылыжай көлемі 82,8 га жеткізілген. Ағымдағы жылға берілген  8 га жылы жай салу тапсырмасы 9 айда 8,18 га болып орындалып 102,3 пайыздықұраған. Олардан өндірілген 32800 тонна өнім Алматы, Астана, Шымкент қалаларына сатылуы қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, брифингте аудан әкімі мемлекеттік бағдарлама «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» аясында берілген тапсырмалар  артығымен орындалған. Ал, биыл Индустрияландыру картаға жалпы сомасы 1592,1 млн.теңгелік 5 жобаенгізілген. Сонымен қатар, ауданға жыл басынан бері 2461,2 млн. теңге көлемінде инвестиция тартылған.

Мемлекеттік бағдарламалардың бірі «Жұмыспен қамту 2020». Бұл бағытта атқарылған жұмыстар нәтижесінде аудан көлемінде 1800 жаңа жұмыс орнына шу жоспарланса, 1978 жаңа жұмыс орындары ашылып жоспар 110 пайызға орындалды. Тұрақты және уақытша жұмысқа орналастыру жоспары  1080 адам болса, ол  1361 адам болып, жоспар 126 пайызға орындалып отыр. Ал, ақылы қоғамдық жұмысқа 431 адам жіберу қаралса, оған 444 адам тартылды.   Жұмыспен қамтуға бөлінген 19958,0  мың теңге қаржы толығымен игерілген.