12.11.2015 в 12:24

Ғабидолла Әбдірахымов Түркиядан келген инвесторлармен кездесті

Қала әкімі Түркияның Алматыдағы бас консулы Рызак Ахан Йылмаз бен вице-консул Алпер Алтай жəне атташе Осман Элгунмен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтамақтастық пен өзара әріптестік қарым -қатынас жайы сөз болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Түркиялық инвесторлардың айтуына қарағанда, қазақ -түрік елдерінің бірлескен іскерлік жобалары тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік жағынан да үлкен мәнге ие.

Айта кетер бір жайт, түрік инвесторлары алғаш болып Шымкент қаласының даму концепциясына қызығушылық танытқан болатын. Қала әкімі шетелдік инвесторларды жаңа заман талабына сай құрылғалы жатқан «Shymkent city»  заманауй тұрғын -үй ауданының жобалық сызбасымен таныстырып өтті.

Өз кезегінде, түрік елінің өкілдері ел аумағында теңдесі жоқ халықаралық үлгідегі аквапарк пен "Дисней Ленд" жобасына өз тарапынан қатысуға дайын екендігін де жеткізді. Қазақ елінің үшінші мегаполис қаласы атануға талпынған Шымкент қаласының жарқын келешегін бағамдай келе, қонақтар сөзін «Шымкент – Қазақстанның гүлденген, өркендеген өмірінің символы болып қала береді» - деген жоғары рухты сөздерімен тәмамдады.