13.11.2015 в 12:04

Бәйдібек ауданы көгілдір отынға қол жеткізді

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Шаян ауылына табиғи газ жетті. Кеше, 12 қараша күні «Бейнеу- Бозай- Шымкент» магистральдық газ құбырынан тартылатын «Шалдар» автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды. Бұл туралы облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Газ алауын жағу салтанатына облыс әкімі Б.Атамқұлов пен «ҚазТранГаз» АҚ Бас директоры Қ.Шәріпбаев және жергілікті тұрғындар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Бұл аталған станция арқылы елу бес мыңнан астам тұрғыны бар Бәйдібек ауданындағы елу екі елді мекен мен елу мыңнан астам  тұрғыны бар Созақ ауданы да газбен қамтылатын болады деп күтіліп отыр. Бүгінгі таңда отыз бес елді мекенге көгілдір отын жеткізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Көгілдір отынға алғаш болып  қол жеткізген ауыл тұрғындардың бірі Бейсенбек Игісінұлының шаңырағында қуантарлықтай жағдай орын алып отыр.  Айта өткен жөн, Ұлы Отан соғысында елі үшін аянбай күресіп, қанды шайқасқа түскен ардагер - Бейсенбек ақсақалды бүкіл жұрт құрметтейді. Сондай-ақ, билік басында отырғандар ақсақалдың ерен еңбегін ескеріп, бұл отбасыға табиғи отынның ақысыз кіргізілуін қамтамасыз етіп берді.

[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/11/5.jpg"]

[ot-caption title="" url="/uploads/wp-content/2015/11/6.jpg"]