30.11.2015 в 14:38

«Болашақ» түлегі – басқарма басшысы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының тағы бір түлегі  Марат Кәрімжанұлы Қарабаев 2015 жылғы қараша айының 27- ші жұлдызынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды -инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімі аппартының баспасөз қызметі хабарлады.

28 жастағы Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Ташкент автокөлік -жол институтын,  «Болашақ» бағдарламасы аясында Ұлыбритания еліндегі «University of Warwick» университетін тәмәмдаған. Қазақстан Республикасы  Ауылшаруашылығы министрлігі Су ресурстары Комитетінің Су шаруашылығы ғимараттарының желілерін пайдалану және дамыту басқармасының сарапшысынан бастап, Қазақстан Республикасы  Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі басқармасының сарапшысы болып, сондай-ақ  Сервистік индустрия технологиялық дамыту,  Темір жол тасымалдары басқармаларының бас сарапшысы, Транзиттік саясат және көліктік логистика департаменті Транзиттік саясат басқармасының басшысы, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы ЖШС-нің кеңесшісі болып қызметтер атқарған.

2015 жылғы қаңтар айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялды- инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары болып еңбек етіп келді.