03.12.2015 в 18:54

ОҚО-да 150 мыңнан астам көпбалалы ана бар

Оңтүстік Қазақстан облысында 150 мың 327 алтын құрсақты  көпбалалы ана бар, - деп хабарлады облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Оның ішінде жиырма алты мыңнан астам  аналарымыз  «Алтын алқа» иегері болып, отыз екі мың ана «Күміс алқа» -ны алды. Ал қалған жеті мың екі жүз әйел бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» орденінің иегері атанса, шамамен 6700-ге жуығы батыр аналарымыз. Сондай- ақ, жетпіс сегіз мың ана төрт жастан 18-ге дейінгі бала тәрбиелеп отыр.

 Өмірге ұрпақәкеліп, тіршілікке тірек болған қажыр- қайратты аналарды сауықтыру жағдайы толықтай шешілген. Әр жыл сайын сегіз мыңға жуық жекелеген санаттағы азаматтар демалыс орындарына жіберіліп, қажетті ем қабылдайды.  Мәселен, жыл басынан бері 700-ден астам ана Ардагерлер үйінде, «Мейір» ардагерлер үйінде жеті жүз жиырма Батыр аналар мен «Алтын алқа» аналар емделген.

Айта өткен жөн, жыл басынан бері жалпы өңірде 66190 нәресте дүние есігін ашқан. Оның 654-і егіз болса, 10-ы үшем.