VI шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында жаңа сайланған депутаттар Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант беріп жатыр. Депутаттардың антын Президент Нұрсұлтан Назарбаев қабылдауда, деп хабарлайды BNews.kz.
«ҚР Конституциясының 44 және 55-баптарына сәйкес Парламент депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын, сондай-ақ ҚР Конституциялық кеңесі туралы конституциялық заңның 6-бабы негізінде Конституциялық кеңестің жаңадан тағайындалған мүшелеренің антын ҚР Президенті қабылдайды. Салтанатты түрде ант беру рәсіміне кірісуге рұқсат етіңіздер», - деді Парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.+
Айта кетейік, Астанада VI шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясын Қазақстан Президенті ашты. Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін Мәжілістің жалпы отырысы өтеді деп жоспарланған.