20.03.2016 в 16:37

Ахарноннан меймандар келді

Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов Греция Республикасы Ахарнон қаласынан келген делегаттарды қабылдады. Делегация құрамында Ахарнон қаласының мэрі Яннис Кассавос және мэрдің қос орынбасарлары Константин Сасонидис, Йоргос Даскалакистер болды.

Екі жақты кездесу барысында Яннис Кассавос мырза шырайлы Шымкент қаласымен Ахарнон қаласының бауырлас қала екендігін айтып, қос елдің экономикалық және мәдени салаларындағы қарым-қатынасында өзара пікір алмасып отыратындықтарын атап өтті.

Қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы екі ел туралы жақсы пікірін білдіріп,  делегаттарды ұлтымыздың ұлық мейрамы Наурыз мерекесін бірге қарсы алуға шақырды.

Сонымен қатар, Ахарнон қаласынан келген делегаттар алдағы күндері экономикалық және кәсіпкерлік салаларындағы іскерлік кездесулер өткізіп, бірқатар маңызды құжаттарға қол қояды деп күтілуде.