28.03.2016 в 18:49

Қостанайда партиялықтар рейд өткізді

Қостанай облысының партиялықтары мен жасотандықтары мүмкіндігі шектеулі жандардың қаланың түрлі сауда нүктелеріне еркін кіру мүмкіншіліктерін арттыру жөніндегі талаптардың орындалуына тексеру жүргізіп отырады.  Бүгінгі тексеру нысаны – қаладағы ірі «Март» сауда-демалыс орталығы болды.

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері сауда орталығына кіре берісте жасалған пандустың, орталық ішіндегі тазалық-тұрмыстық орындардың сапасын қарады.

«Құрылыс өлшем талаптары мен ережелеріне сәйкес әрбір ғимарат мүмкіндігі шектеулі жандардың нысанға еркін кіруін қамтамасыз ету үшін белгіленген өлшемдерге ыңғайланған болуы қажет. Мүгедектердің өтініштері мен кездесулерге жасалған сараптама нәтижесі бойынша «Март» СДО жағдайы талапқа толық сай еместігін көрсетті, сондықтан да біз осы рейдті ұйымдастырып, қалалықтардың ең көп келетін нысанындағы жағдайды өз көзімізбен көру мақсатын қойдық», - дейді партияның облыстық филиалының кеңесшісі Олжас Дүйсеков.

Рейд қорытындысы бойынша пандустардың еңістігі 30 градусты, қол сүенгіштің ара қашықтығы 110 см-ді құрайтыны анықталды. Ол құрылыс өлшем талаптары мен ережелеріне сай келеді. Сол сияқты орталық ішіндегі тазалық-тұрмыстық орындардың, мүгедектердің орталықтың жоғарғы қабаттарына шығып-түсулері үшін де лифтілердің жұмыс істеп тұруы  да талапқа сай. Тек СДО басшылығына 10 күн ішінде есік сыртына күзетті шақыру түймесін орнатуға ұсыныс жасалды.

Бұл нысан партияның өткен жылдың басында жасаған «Кедергісіз келешек» қол жетімділік картасында белгілгенген.

«Жасотандықтар картадағы әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын белгілей отырып осындай редтерді тұрақты түрде жүргізіп отырады. Бүгінгі күнге Қостанай облысы бойынша 100-ден астам нысандар белгіленген», - деді «Жас Отан» ЖҚ жоба үйлестірушісі Бауыржан Жүнісов.

Аталмыш картаға енген нысандар жайы жасотандық жоба үйлестірушілерімен күн сайын мониторингіленіп және сарапталады да, тиісті ақпарат партияның әлеуметтік нысандарды ыңғайландыру жөніндегі жұмысшы тобына ұсынылады. Картада қол жетімділігі қанағаттанғысыз болып табылған нысандар бақылауға алынып, оларға жоғарыдағыдай рейдтер жасалады. Одан әрі кемшіліктер тізбесі  Қостанай облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің қарауына ұсынылады.

Бұл картамен көшпелі нұсқада және map.nurotan.kz. сайтында тансыуға болады.