29.03.2016 в 19:12

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Ұлт жоспары бес институционалды реформаларын жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамды жариялаған болатын. Бүгінгі брифингтің негізгі тақырыбының өзі 100 нақты қадамның жүзеге асуы жөнінде пікір алмасу. Ұлт жоспары еліміздің үздік отыздыққа енуіне ықпал жасайтын, дамуымызға үлкен үлес қосатын реформа. Сондықтан осы реформаны Елбасының тапсырмасына сәйкес уақытылы жүзеге асыру барлығымыздың алдымызда тұрған міндеттердің бірі. Осы орайда, аталған жоспарды іске асыру мақсатында Шымкент қаласында да бірнеше жұмыстар атқарылуда. Бүгін 100 нақты қадамдағы тапсырмалардың әкімдіктегі өзім басшылық жасап отырған салаларда орындалу барысына тоқталып, Сіздермен бөліскелі келіп отырмын.

Ендеше реформаның 30-қадамына тоқталсам ол жерде жергілікті атқарушы органдарға және жергілікті қоғамдастыққа есеп беретін жергілікті полиция қызметін құру көзделген. Бүгінде қаламыздағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, халықпен тығыз жұмыс жүргізу мақсатында жергілікті полиция қызметі құрылып, өз жұмысын жүргізуде. Өздеріңіз байқаған болсаңыздар жергілікті полицияның жүйелі жұмысының арқасында қауіпсіз қалаға айналып келеміз. Қаладағы саябақтарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін велополиция қызметі қолға алынып, тиісті жұмыстарын жасауда. Сондай-ақ, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әуе бақылауы жүргізіліп, кез-келген жолдағы ереженің бұзылғандығы жөнінде жылдам анықтауға мүмкіндік жасалды. Жергілікті полиция қызметінің ватсап сервисі іске қосылды.  8 701 0130102 нөміріндегі ватсап желісіне Шымкент қалалық ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ қызметіне тиесілі кез-келген ақпаратты жолдау арқылы қала тұрғындары да қауіпсіздікке өз үлестерін қосуда. Мысалға алатын болсақ үш жұмыс күнінің ішінде ватсап нөмеріне  42 өтініш келіп түсті. Қала тұрғындарынан келіп түскен хабарламалардың барлығы, міндетті түрде жауапты қызметкерлермен зерделеніп, шұғыл тиісті шара көруіне күш жұмдырылуда.

Сонымен қатар, ең өзекті мәселе ол білім саласы. Білімді ұрпақсыз болашақты елестету мүмкін емес сондықтан, Елбасы Ұлт жоспарының 76-қадамын арнайы білім саласына арнады.Функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңартуға бағытталған бұл қадам бойынша Шымкент қаласында 2015 жылдан бастап білім саласына жаңа жүйелер енгізіліп, бірқатар өзгерістер орын алып отыр.

1.Мектептердегі электронды бақылау.Электронды басқару аппараттық-бағдарламалық кешені енгізілуде. Бұл қызметтің негізгі бағыты: мектептегі ақпараттарды автоматтандыру, оқушылардың үлгерімі туралы мәліметтерді бірыңғай орталықтандыру,  ол мәліметтермен  ата-аналарды шұғыл түрде ақпаратпен қамсыздандыру, оқу процесстерінің көрсеткіштерін автоматтандырылған түрде есептеу және оқу мекемесінің нақты мәртебесін құру. Сондай-ақ, бұл жүйе ата-аналарға мектепте баланың оқу үлгерімін, жүктемелерін бақылауға және ата-аналар мен сынып жетекшісі арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

2. Шымкент қаласындағы мектеп директорларын тағайындаудағы ашықтық. Білім мекемелері басшыларын тағайындау осыған дейін білім бөлімі басшысының төрағалығымен өткізілген болса, ашықтықты, айқындылықты көрсету мақсатында 2015 жылдың қазан айынан бастап қала әкімінің төрағалығымен ашық түрде қаладағы №33, 36, 71, 95, 118  жалпы орта мектеп директорлары ашық түрде өткізілген конкурс негізінде тағайындалды.

Білім беру мекемелеріндегі «Қамқоршылық кеңесі»

Шымкент қаласының білім бөліміне қарасты барлық білім мекемелері жанынан Қамқорлық кеңесі  құрылды.  Кеңес құрамына  сол мектептің түлектері болып табылатын беделді азаматтар, ата-аналар, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері енгізілді. Аталған қеңестер білім мекемесінің материалдық-техникалық базасын нығайту көмек көрсету, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан балаларға әлеуметтік қолдау көрсету, тәрбиесі  қиын оқушылармен жұмыс жүргізу, бала тәрбиесіне немқұрайлық танытып, көңіл бөлмейтін ата-аналармен  жұмыс жүргізу, демеушілерден түскен қосымша қаржылардың жүйелі игерілуіне  басшылық жасау  қызметтерін атқарады.

Жаңа білім беру жүйесі.

Оқудағы және оқытудағы жаңа тәсілдер соның ішіндеорта білім беру

жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал оқыту әдістемесі  «Сындарлы оқыту теориясының» оқу сапасына әсерімен танысу үшін қаладағы 37 мектеп  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерімен тәжірибе алмасу және педагогикалық қауымдастық құру мақсатында меморандумға тұрды.

Ондағы мақсат: Бағалау түрлерінің ерекшелігін, оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған критериалды бағалаудың (формативті, яғни қалыптастырушы) тиімділігін  білу, салыстыру.

Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, олардың логикалық және сараптамалық ойлау жүйесін дамыту жолдарын, ақпаратты шұғыл өңдей алуға, креативті ойлай алуға, ерекше идеяларды таба алуын дамыту тәсілдерін білу. Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі «Робототехника», «Нанотехнология» кабинеттерінде қала мектептерінің оқушыларына тәжірибе жүзінде көруге мүмкіндіктер беріледі.

Сонымен қатар, 99-қадамда мемлекеттік органдар мен әкімдер жанындағы қоғамдық кеңестер құрып, олардың өкілеттіктері мен мәртебесін заңмен бекіту көзделген. Қазіргі таңда, Шымкент қаласының қоғамдық кеңесі құрылып, қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 29 ақпандағы №57/439-5с шешімімен қоғамдық кеңестің  құрамы бекітілді. Қоғамдық кеңестің құрамы 37 мүшеден құралып, бүгінде өз жұмысын жүргізуде. Қоғамдық кеңес негізінен стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын; бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын; бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі ролдерді атқарады.  Ағымдағы жылғы 16 наурыз күні қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы қағамдық кеңестің алдында әкімдік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар бойынша есеп берді. Мұның өзі ашықтықтың бір нәтижесі деп ойлаймын.

Енді тіл мәселесіне көшсек. Елбасы үш тұғырлы тілге көшу жоспарын әр жылғы халыққа арнаған Жолдауында айтып келеді. Ұлт жоспарының ішінде де бұл мәселе көтеріліп отыр. Жалпы мемлекеттік тіл қазақ тілі және соған қоса дамыған мемлекеттердің қатарына ену үшін бізге орыс және ағылшын тілдерін игеру қажеттігі туындауда. Қаладағы ересек тұрғындар саны 610 мыңға жуық адамды құраса, оның ішінде 529 257 адам немесе 87,3 %мемлекеттік тілді, 483 763 адам немесе 79,8 %қазақ және орыс тілдерін, ал 126 300 адам немесе 15,0 %-ы  қазақ, орыс тілдерімен қатар ағылшын тілін меңгерген. Тіл мәселесі өте өзекті мәселе. Сондықтан қаланың әрбір тұрғыны өз тілін жетік меңгеруі үшін жағдайлар жасалып, тілдерді дамыту орталығының жүйелі жұмыстарының нәтижесінде түрлі тіл үйрететін курстар ашылып, жұмыстар жасалуда.

Спорт саласы ол қаланың әрбір тұрғынының денсаулығының кепілі.  Сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тұрғындарды шақыру мақсатында және спорт саласын дамытуда қалада түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілуде.

2015 жылы қалада спортпен жүйелі түрде айналысушылар саны 193 200 адам болса, қазіргі таңда 196 583 адамға жетті. Ол қала халқының 22,0 пайызын құрайды.

жылы  салауатты өмір салтын насихаттауға арналған 415 спорттық іс-шара өткізіліп, 50 мыңға жуық адам қатысты. 2016жылы жоғары дәрежелі спорттық жетістіктерге жету үшін ұлттық спорт түрлерін, жекпе-жек және велоспортты дамыту жоспарлануда. Осы жылы кемінде 10 «street workout» алаңшаларын ашып, қалада 4 спорттық нысанының құрылысына қаржы қарастыру жоспарлануда.

Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы «Қазақстан-2050» Стратегиясы, Ұлт жаспары - 100 нақты қадам аясында жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының 2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасыда осы реформаларға негізделіп жасалған. Бүгінде қаланың даму бағдарламасы шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізілуде. Оны қаланың тұрғындары көріп өз бағаларында беруде.

Шымкент қаласының тұрғындары қай уақытта болсын  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастаған мемлекеттік саясаттың, бүкіл елімізде атқарылып жатқан оңды істердің үдесінен шығып, бірлік пен ынтымақтың арқасында абырой арқалап келе жатқанын жақсы білесіздер.

Мемлекет алдында тұрған жауапты кезеңде Елбасының сенімін ақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек ету баршамыздың міндетіміз.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!