21.05.2024 в 15:55

ЦИФРЛАНДЫРУ – ДАМУДЫҢ КІЛТІ

Цифрландыруға күш салу адами капитал белсенді түрде дамитын - болашақтың білімі мен дағдылары ерте жастан бастап тәрбиеленетін, автоматтандыру және басқа да жаңа технологиялар есебінен бизнес жұмысының тиімділігі мен жылдамдығы артатын, ал азаматтардың өз мемлекеттерімен диалогы қарапайым әрі ашық болатын жаңа қоғамды құруға әкеледі. 

Цифрлық рефолюция біздің көз алдымызда өтуде. Қазіргі таңда IT саласы дүниежүзінде үлкен сұранысқа ие болуда. Расымен де бүгінгі күн санап қарыштап дамыған заманда ақпараттық технологияларды қолға алып, дамытпасақ өркениетті елдер қатарына қосылу әсте мүмкін емес. Экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары өркениетті елдердің барлығы дерлік  сандық жүйеге көшіп, өнеркәсібінің дамуы мен халқының әл-ауқатын жылдан-жылға жақсартып келеді.
Шымкентте бейнебақылау тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері кешенінің маңызды бөлігіне айналды. Қазіргі уақытта мегаполисте барлығы 3177 бейнебақылау камерасы орнатылған.  Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде қиылыстарда - 877 бейнебақылау камерасы, қала желісінің учаскелерінде – 800 камера іске қосылды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін - 1500 айналмалы бейнебақылау камерасы орнатылған.

Қаланы дамытудың 2024 жылға арналған жоспарына сәйкес және қоғамдық қауіпсіздікті одан әрі нығайту мақсатында 3000 бейнебақылау камерасы орнатылуы тиіс. Оның ішінде 1500 бейнебақылау камерасы бекітілген бюджетке салынуда, ал қалған 1500-і қазір пысықталуда.
Қоғамдық қауіпсіздік сәттерінің бірі - ақпараттық қауіпсіздікті бақылау.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы қаулысына сәйкес, сондай-ақ мониторинг жоспарына сәйкес 23 Департаментте және аудандық әкімдіктерде тиісті жұмыс жүргізілді. Мониторинг барысында 1024 жұмыс станциясы (компьютерлер, моноблоктар және ноутбуктер) тексерілді.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде 58 жұмыс станциясында операциялық жүйелердің ескі нұсқалары орнатылғаны, ал 125 компьютерде антивирустық бағдарлама орнатылмағаны анықталды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қылмыстық атқару жүйесі  мекемелері үздіксіз бейнебақылаумен жарақтандырылып жатыр.  Құқық қорғау мекемелерінде аталған жоба сотталғандар және қызметкерлер тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған. Бақылау нақты уақыт режимінде жүргізіледі. Президент бейнебақылау жүйесіне нұқсан келтіргені үшін   қылмыстық жауапкершілік енгізуді тапсырды.