Былтыр қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында цифрландыру саласын дамыту бойынша нақты тапсырма беріп, барлық саладағы реформалардың қарқыны мен тереңдігін арттыру қажеттігін айтқан болатын.
«Білесіздер, мен цифрландыру мен инновация мәселелеріне ерекше көңіл бөлемін. Біздің алдымызда стратегиялық маңызды міндет тұр – Қазақстанды IT-елге айналдыру. Цифрландыру саласындағы жетістіктеріміз бар – біз электронды үкімет пен финтех даму индексі бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарындамыз. Дегенмен өзекті мәселелерді шешуде, сонымен қатар еліміздің болашағы туралы өзіндік көзқарасымызды дамытуда, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру, жеке және ұжымдық құндылықтар жүйесін жетілдіру керек», – деген еді Президент.
Жақында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков OASIS экожүйесін әзірлеуші жергілікті жетекші IT-компаниясының директоры Нұрсұлтан Оспановты қабылдап, бизнес пен билік арасындағы ұзақмерзімді серіктестік орнату жолындағы алғашқы қадам жасалды.
Нұрсұлтан Оспанов OASIS экожүйесінің артықшылықтарына тоқталып, мүмкідіктерімен таныстырды. Процесті автоматтандыру дәстүрлі түрде құжат айналымы мен жобаны басқаруға жұмсалатын уақыт пен ресурстарды қысқартуы мүмкін. Цифрлық жүйе құрылыс алаңындағы операциялардың ашықтығын қамтамасыз етеді және өкілеттіктерді теріс пайдалану тәуекелдерін болдырмайды. Сондай-ақ, деректерге жылдам қол жеткізу және жеңілдетілген процедуралар бизнесті тиімдірек басқаруға ықпал етеді.
Бірінші кездесу мемлекеттік қызметкерлердің OASIS жаңа экожүйесінің мүмкіндіктеріне тәнті болғанын көрсетті. Компанияның негізін қалаушы Нұрсұлтан Оспановтың айтуынша, «B2G серіктестігі құрылыс индустриясындағы прогресс пен инновацияның қуатты қозғалтқышы бола алады. Өйткені, OASIS экожүйесі ойын ережелерін ашықтық пайдасына өзгертеді».
Билік биылдан бастап цифрлық құрылыс стандарттарына көшуді жоспарлап отыр. Бұл өнеркәсіпте қолданылатын барлық OASIS IT жүйелерін біріктіруге және ғимарат құрылысы мен басқа құрылыс жұмыстарының барлық кезеңдеріндегі процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл шешуші қадам жергілікті атқарушы органға құрылыс жұмыстарының әрбір кезеңін бақылауға мүмкіндік береді, ал қала әкімі мемлекеттік бюджеттің ұрлануымен күресті және атқарылған жұмыстардың сапасын бақылауды шындап қолға алады.