12.12.2025 в 21:30

АРАҚ САУДАСЫ АЗАЙМАЙ ТҰР

    Маскүнемдікті емдеу үшін кешенді көзқарас керек. Оған психологиялық қолдау, әлеуметтік ортадағы өзгерістер, ұзақмерзімді емдеу бағдарламалары және қайтадан ішімдікке салынуды болдырмау стратегиялары кіреді. Сонымен қатар маскүнемдікке шалдыққан адамдарға қолдау көрсету үшін отбасы мен жақындарының рөлі де өте маңызды.

      Қазақстан тұрғындары ішімдікке құмар. Еліміз алкогольді тұтыну жағынан әлемде 10-орында екен. Ал жынысқа бөліп қарасақ, ерлер 11-ші, әйелдер 19-орында тұр. Қазақстанстандық ер адамдардың алкогольге тәуелділік деңгейі – 9,52 пайыз, әйелдерде 1,48 пайыз екен.

         Қазақстан Орталық Азия елдері ішінде ішімдік ішуден көш басында тұр. Алайда орта буын өкілдері ішімдік ішу бұрынғы кездегідей әлдеқайда азайғанын айтады. Тіпті ішімдіктен түгелдей бас тартқан ауылдар бар. Түркістан облысына қарасты жиырмаға жуық ауыл ішімдік тұтынудан толық бас тартқан. Алайда статистика көңіл көншітпей тұр. Бүгінгінің ішкіштері мен бұрынғының маскүнемдерінің арасында «мәдени» ерекшелік бар секілді. Бұрын ішу деген теңселіп мас болумен есептелсе, бүгінде қала тұрғындары кешкісін жұмыстан соң 1-2 саптыаяқ сыра ішіп, «шаршағанын басып», стрестен арылып, «демалады». Білген адамға бұл да тәуелділіктің бір түрі.

      Статистикаға сүйенсек, арақ секілді күшті спирттік ішімдіктер сатылымы көбейгенімен, былтыр шарап 26,9 пайызға, шампан 28 пайызға, ал сыра 1,9 пайызға аз сатылыпты. Яғни, аталған өнім түрлеріне сұраныс аз болған. Дегенмен сатылым жағынан сыра бәрібір алдыңғы орында екен. Былтыр 756,1 млн литр сыра (бөтелке, банка, бөшке түрінде қоса есептегенде) сатып алынған. 

      Жалпы, 2012 жылдан 2019 жылға дейін алкогольді тұтыну жыл сайын шамамен 2 пайызға өсіп отырған. Сарапшылар биыл алкогольді тұтыну бірден 3,6 пайызға артып, 303 млрд литрге дейін жетеді, ал 2025 жылы 3 пайызға артып, 312,1 пайызға дейін жетуі мүмкін деп болжайды.

      Ішімдікке сұраныстың артуына ішімдік ішетіндер санының көбеюі себеп болып отырғаны түсінікті. Тағы бір себебі той-жиынның көбеюі. Бұрын қыз ұзату, үйлену тойлары ғана мейрамханада өтсе, қазір шілдехана, бесік той, тұсаукесер, тілашар сынды отбасы ішінде атап өтілетін іс-шараларға да 100-150 адам шақырып той жасайтын елге айналдық. Қазір той жасағысы келген жұрт әуелі тойхана таппай қиналады. Өйткені бұрынғы тойлар кешкілік уақытта болса, қазір түс кезінде де той жасай береді.

 

  Ішімдікке қарсы күрес шаралары бірнеше бағытта жүргізілуі тиіс. Қоғамдық орындардағы шектеулер: Қоғамдық орындарда темекі шегуге және алкоголь ішуге тыйым салынған.  Білім беру және ақпараттандыру: Мектептер мен жоғары оқу орындарында темекі мен ішімдіктің зияны туралы сабақтар мен тренингтер өткізіледі. Сонымен қатар, телеарналар мен әлеуметтік желілер арқылы кеңінен ақпараттық науқандар ұйымдастырылады. Бұл халықты зиянды әдеттерден бас тартуға насихаттайды.

     Медициналық және психологиялық көмек: Ішімдік пен шылымға тәуелділіктен арылғысы келетіндерге арналған тегін емдеу орталықтары бар. Бұл мекемелерде кәсіби мамандар психологиялық және медициналық қолдау көрсетеді.  Халықаралық ынтымақтастық: Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамаларына қосылып, озық тәжірибелерді енгізуде. Бұл жаһандық тәжірибелер ішімдік пен шылым шегуге қарсы күрес шараларын тиімдірек етуге көмектеседі.

     Қорытындылай келе, бұл шаралардың барлығы халықты салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыруға бағытталған және мемлекет оларды әрі қарай жетілдіріп келеді. Мемлекет зиянды әдеттерге қарсы күресті күшейту мақсатында халықаралық тәжірибелерді де енгізуде. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары негізінде шаралар тұрақты түрде жетілдірілуде, соның ішінде жаңа технологияларды қолдану мен сандық бағдарламалар да бар.