БАЛАЛАРДЫ КИБЕРҚАУІПТЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙМЫЗ?

04.03.2026, 15:46
БАЛАЛАРДЫ КИБЕРҚАУІПТЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙМЫЗ?

“Қауіпсіз ел" жобасы жайлы көптен айтылып жүр. Жобаның негізгі мақсаты - қылмысты азайту, азаматтар үшін қауіпсіз жағдай жасау, құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру және қылмыс санын азайту, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ жол инфрақұрылымын жақсарту, жүргізушілерді оқыту жүйесін жетілдіру, жол қозғалысы қауіпсіздігін жақсарту үшін жаңа технологияларды енгізу,

Киберқауіптерден қорғау, елдің киберқауіпсіздігін күшейту, кибершабуылдар мен киберқылмыстан қорғау, халықтың киберсауаттылығын арттыру. Сонымен қатар, экстремизм мен терроризмнің алдын алу: экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы тұру, жастармен жұмыс, шекаралық бақылауды күшейту және интернеттегі экстремистік насихатқа қарсы тұру. 

 

"Қауіпсіз ел" – бұл жай ғана шаралар кешені емес, заңнама мен құқық қорғау қызметін жетілдіруге бағытталған ұлттық жоба. Бұл елде қауіпсіз және тұрақты ортаны құру үшін мемлекет пен азаматтардың тұрақты күш-жігерін талап ететін үздіксіз процесс.

 

    Қазақстанда "Киберқадағалау" мониторинг жүйесінің арқасында балалар үшін зиянды және заңға қайшы ақпаратты қамтитын 38 мыңнан астам интернет-ресурс анықталып, бұғатталған.

Цифрлық технологиялардың дамуы адамдардың күнделікті өмір салтын ғана емес, балалардың да ақпаратпен қарым-қатынасын түбегейлі өзгертті. Интернет пен әлеуметтік желілер жаңа мүмкіндіктер мен жаңа қауіптердің қатар жүруіне алып келді. Бүгінде Қазақстанда жасөспірімдер виртуалды ортада бұрынғыға қарағанда әлдеқайда белсенді, ал бұл жағдай олардың қауіпсіздігіне байланысты жаңа міндеттерді мемлекетке де, ата-анаға да жүктеп отыр. Соңғы жылдары елде балаларды киберқауіптен қорғау бағытында бірқатар заңнамалық және технологиялық шаралар қабылданды. Мемлекеттік органдар қауіпті контентті анықтау, бұғаттау, алдын алу жұмыстарын күшейтсе, ата-аналарға арналған бақылау құралдары кеңінен енгізіліп келеді.

 

Мамандардың айтуынша, балаларға арналған құрылғыларға арнайы сүзгілер қою, уақыттық шектеулер орнату, қосымшаларды бақылау жүйесін пайдалану — тек техникалық шаралар емес. Ең алдымен бұл — балалардың интернет мәдениетін қалыптастырудың бір бөлігі. Балаға тыйым салу ғана емес, қауіптің не екенін түсіндіру, интернеттегі мінез-құлық ережелерін үйрету, оның қандай контентке қызығатынын бірге талқылау да маңызды.

Буллинг пен кибербуллингке қарсы заң күшейтілді

Жасөспірімдер арасындағы буллинг, әсіресе кибербуллинг соңғы жылдары аса өзекті проблемаға айналды. Осыған байланысты Қазақстанда 2022 жылы заңнамаға алғаш рет «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары енгізілді. Ал 2024 жылдан бастап буллинг жасаған адамдарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылды. Биылғы жылдың 10 айында 339 әкімшілік іс тіркелген. Соның 198-і буллинг фактілеріне қатысты жауапкершілікке тартылған. 

 

«111» қызметіне жүгіну артты

Балалар арасындағы буллинг пен зорлық-зомбылық фактілерін анықтау мақсатында мектептерге «111» байланыс орталығының QR-кодтары орнатылған. Бұл балалардың көмекке жүгінуін жеңілдетті. ҚР Оқу-ағарту  министрлігінің мәліметі бойынша 2025 жылдың басынан бері отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өтініштер қабылдайтын «111» бірыңғай байланыс орталығына балалардан 110 999 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 108 987 өтініш мектептер мен колледждерде орналастырылған QR-кодтар арқылы, ал 2 012 қоңырау телефон арқылы қабылданған. Байланыс орталығының жұмысы барысында 3 499 балаға психологиялық көмек көрсетілді, 1 602 өтініш бойынша тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жедел қолдау ұйымдастырылды. Өтініштердің басым бөлігі ақпараттық және кеңес беру сипатында болды. Ең көп өтініш түскен өңірлердің қатарында Алматы қаласы (9 160), Батыс Қазақстан (7 654) және Түркістан (7 478) облыстары бар. Ал ең төмен көрсеткіштер Ұлытау (1 017), Солтүстік Қазақстан (1 738) және Абай (1 765) облыстарында тіркелген. Мемлекеттік органдардың қатысуын қажет еткен өтініштер орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, сондай-ақ ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілімен, өңірлік уәкілдермен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе қаралғанын министрлік атап өтті.