22.04.2016 в 20:08

«Біртектілік пен бірлік» реформасы болашақтың кепілі

Бұл туралы Жамбыл облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингіде айтты.

Мемлекет басшысы ұсынған реформаларды іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары Қазақстанның жаңа деңгейде дамуына мүмкіндік беретінін айтқан облыс әкімінің орынбасары саяси құжаттағы 4-ші реформаны іске асыру бойынша облыста ат­қарылған жұмыстарды баяндады.

Оның айтуынша, «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын алға ілгерілету мақсатында әзірленген облыстық «оқиғалар қатары» және жұмысшы мен техникалық мамандықтар беделін арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының өңірлік жоспары әзірленген.

«Олар бойынша үстіміздегі жылы облыстық деңгейде 48 іс-шара ұйымдастырылып, оған 5300 астам адам қамтылды. Олардың қатарында «Әлемнің әміршісі - Еңбек» атты облыстық еңбек форумы, «Ашық турникеттер күні» акциясы аясында колледж студенттерінің Тараз қаласындағы ірі кәсіпорындары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестердің жұмыс барысымен танысуы, оқу орындарында еңбек ардагерлері мен табысты кәсіпкерлердің жастармен кездесулері, ІІ Республикалық «Еңбек жастарының» спартакиадасы, ірі өндіріс орындарына ұйымдастырылған 18 экскурсия және т.б. іс-шаралар»,- деді Е.Манжуов.

Ал 90 тармақтағыбірегейлік пен бірлікті іске асыру жөніндегі шараларды ақпараттық сүйемелдеу бойынша «Болашаққа 100 қадам» жоспарын іске асыру жөніндегі 2016 жылдың I жартыжылдығына арналған медиа-жоспар бекітілген.

«Жоспарда облыс әкімдігінің басқармалары басшылары мен аудан әкімдері, ЖОО ректорлары, кәсіпкерлер палатасы мүшелері, қоғамдық пікір көшбасшылары, облыстық Қазақстан халқы Ассамблея мүшелері және барлық мемлекеттік органдар қамтылды.«Болашағы Біртұтас Ел» жалпыұлттық ақпараттық науқанын өңірлік деңгейде іске асыру бойынша маманданған журналистер мен блогерлер пулы жасақталды»,- деді облыс әкімінің орынбасары.