Жалпы, Төлеби ауданында аталған Ұлттық жоба аясында биыл пайдалануға беру жоспарланған 1800 орындықты 3 мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ.
Одан бөлек, Қасқасу елді мекенінде 250 балаға арналған «Көктөбе» балалар лагері іске қосылды. Жаңа демалыс аймағында ыңғайлы жатын орындары, арнайы жабдықталған алаңдар бар.
Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында 22 жазғы сауықтыру лагері (7 мемлекеттік, 15 жекеменшік) қызмет көрсетеді деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, Жаңажол елді мекеніндегі балық шаруашылығымен танысқан облыс әкімі, 3 гектар аумақта 7 арнайы бассейн жасап, форель өсіріп жатқан жеке кәсіпкермен кездесті. Кәсіпкердің айтуынша жоба құны 800 млн. теңгені құрып, жылына 300 тонна балық өндіруді жоспарлауда.
Жалпы, аудан аумағында балық шаруашылығымен 14 кәсіпкер айналысады.