31.01.2024 в 18:20

ДАҒДАРЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

Үшінші мегаполисте отбасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған тұрғындарға психологиялық, медициналық және әлеуметтік қолдау көрсететін «Көмек» дағдарыс орталығы бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Барар жері, басар тауы қалмаған азаматтар орталыққа орналасып, пайдалы кеңес ала алады. 23 адамға шақталған орталықта ересек әйелдерге, ерлерге және балаларға психологиялық көмек көрсетіледі. Сонымен  қатар ішімдікке салынған жандар да осы әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу орталығында емделеді. Бүгін аталмыш орталықта «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалын жанындағы Әйелдер қанатының бір топ белсенділері арнайы барып, жұмысымен танысты. 
Мекеме мамандарының айтуынша соңғы уақытта мұнда қиын жағдайға тап болғандар емес масылдыққа салынғандар да көптеп келеді екен. «Алты ай бойы осы жерде тұруға қақым бар. Маған көмектесуге міндеттісіңдер» деп айтатындар да табылады. Осы ретте орталық мамандары бірнеше ұсыныс айтты. Ол, әкімшілік жаза немесе қылмыстық жазаға тартылған азаматтар, агрессорлармен түзету жұмыстарын жүргізу үшін арнайы жобалар әзірлеу; Зорлық-зомбылық белгілерін анықтауда балалар ісіне қатысты арнайы хаттама түзу; Абақтыдан шыққан азаматтардың отбасы мүшелерімен жұмыс жасауға; Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу бойынша арнайы жоба.