25.04.2016 в 22:25

ЕЛБАСЫ ЖЕРДІ САТУ МЕН ЖАЛҒА БЕРУ ДАУЫНА ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексіне енгізілген түзетулерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz . Бұл норма ел азаматтарына биылғы 1 шілдеден бастап ауылшаруашылық жерлерін аукционда сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл түзетулер қоғамда пікірталастар туғызған еді, себебі наразылық білдірушілер жерді шетелдік азаматтар иемденіп алуы мүмкін деген ойда.

Назарбаев еліміздің жаңа Бас прокуроры таныстырылған жиында қазақстандықтарға Қазақстанда қабылданып жатқан құқық пен заңдардың аз түсіндірілетінін атап өтті. Мысал ретінде ол Жер кодексіндегі түзетулер интерпретациясын келтірді.

"Онда біз жерді шетелдіктерге сатамыз деген сөз жоқ. Мұндай жоқ. Жердің иесі болуы үшін, жер құмға айналып кетпеуі үшін қазақстандық азаматтарға жекешелендіріледі. Адамдардың игілігі үшін, жұмыс істеуі үшін, құр жатқанша пайдаланылғаны дұрыс. Ал жерді латифундистер алып алды, біреулері пайдаланады, біреулері пайдаланбайды. Жерге қурай шығып кетеді, бұл - адамдарға бақыт әкелуі тиіс, пайда әкелуі тиіс деп айтылатын қазақстандық жер, ал ол түсініксіз мақсаттарда қолданылып жатыр. Ал осының барлығы басқаша түсініліп жатыр. Белгілі бір формада құқықтар мен міндеттер түсіндірілмейді, осыдан эксцесстер пайда болады", - деді Мемлекет басшысы. Ол прокуратураның әрқашан мемлекеттің негізі болғанын және қабылданып жатқан актілердің прокуратураның бақылауында екенін айтты.

Ал осыған дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері жерді аукционнан тек Қазақстан азаматтарының сатып ала алатынын, ал шетелдіктердің 25 жылға жалға алуына болатынын түсіндірген еді.

kaz.tengrinews.kz