Оңтүстік Қазақстан облысында екінші күнге жалғасып жатқан халықаралық «Ontustik Invest – 2016» инвестициялық форумында өңір басшысы Б.Атамқұлов сөз алып, облыстың дамуына үлес қосу жолында инвестиция салуға ниет білдірген барша қатысушыларға алғысын білдірді.
Облыс әкімі ата
Сондай-ақ, бұл форум аясында ОҚО әкімдігі мен шетелдік және отандық компаниялар өкілдері арасында құны 2,5 млрд. АҚШ доллары болатын 40-тан астам ынтымақтастық меморандумы түзілетінін жеткізді.
Форум барысында, шетелдік инвесторлар Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысып, аймақтың экономикасын дамытудың өзекті мәселелері талқыланады, -деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Іс-шараға шетелдік компаниялар мен дипломатиялық миссиялардың, халықаралық ұйымдар мен жергілікті бизнес-қауымдастықтардың, сонымен қатар, орталық жергілікті мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың және даму институттарының 600-ден аса өкілі қатысуда.
Естеріңізге салсақ, форумның алғашқы күні отандық тауарөндірушілердің көрмесі өтіп, жиынға қатысушы бизнес-делегаттар Шымкенттегі ірі өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысты.
Өңіріміздің туристік әлеуетімен таныстыру мақсатында 30 сәуір күні Ақсу-Жабағлы, Шымкент пен Түркістан қаласының тарихи-туристік аймақтарына саяхат ұйымдастырылады.
Халықаралық форум – Оңтүстік Қазақстан облысына инвестиция тартып, аймақтың болашақтағы әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін болады.