Бүгін Қазақстан Президенті телекөпір форматында еліміздің әр аймағындағы жаңа өндірістерді іске қосты. Жобаларды іске асыруды салтанатты түрде бастап бергеннен кейін оған Қарағанды металлургия комбинатының жас кеншісі Нұрсұлтан Назарбаев туралы бейнеролик көрсетілді.
«Өте жақсы, бірақ фотосуреттеріме қарап, қазір өзімді кішкене көңілсіз сезінемін», - деді Мемлекет басшысы. Оған алғашқы қазақстандық домнадағы кен балқыту сәті ерекше әсер еткенге ұқсайды.
Бұдан соң «Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Николай Радостовец Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті металлург» медалін табыс етті. «Мен өзімді баяғыдан құрметті металлург деп ойлап жүрсем, ал сіздер бұл атақты енді ғана беріп жатырсыздар», - деп қалжыңдады Президент.
«Көрген, естіген жайттардың бәрі көңілімді көтерді. Жылы лебіздеріңіз үшін алғыс айтамын. Адам ретінде маған ештеңе таңсық емес. Бірақ егер біздің еліміз мемлекеттік құрылыстың және біздің Қазақстан келешегінің ұлы міндеттерін іске асыру үшін бірікпеген жағдайда мен жалғыз өзім ешнәрсе істей алмас едім», - деді Назарбаев
Дереккөз :http://kaz.tengrinews.kz