08.07.2014 в 12:05

Назарбаев Шеварднадзенің отбасына көңіл айтты

 

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Грузияның экс-президенті Эдуард Шеварднадзенің қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жеделхатта Эдуард Амвросиевич Шеварднадзенің дүние салғаны туралы қаралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың күйзеле қабылдағаны айтылған. Мемлекет басшысы Грузияның экс-президентінің туған-туыстарына шын көңілден қайғыра көңіл айтып, Эдуард Шеварднадзенің грузин халқының өз Отанының игілігі үшін орасан көп іс атқарған аса көрнекті өкілі, көреген саясаткер болғанын атап өткен.

"Кәсіпқойлығы және ісіне адалдығы, тамаша адамгершілік қасиеттері оны өзін білетіндердің баршасының шынайы құрметіне бөледі. Эдуард Шеварднадзенің жарқын бейнесі әрдайым біздің жүрегімізде сақталады", – делінген жеделхатта.

Шеварднадзе 7 шілде күні ұзаққа созылған дертінің салдарынан қайтыс болды. Грузин бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, экс-президент өзі өмірінің соңғы жылдарын өткізген Крцаниси резиденциясына, әйелінің қабірінің жанына жерленуі мүмкін.

Саясатта «Кәрі түлкі» деген лақап атқа ие болған Э. Шеварднадзенің саналы ғұмырында атқарған қызметтері:

 

Грузия КПОК 11-ші Бірінші хатшысы (01.07.1985 – 13.07.1990)

ОК Саяси бюросының мүшесі (02.07.1985 – 20.12.1990)

КСРО-ның 6-шы Сыртқы істер министрі (19.11.1990 – 26.12.1991)

КСРО Сыртқы байланыстар жөніндегі министрі

Грузия мемлекеттік Кеңесінің төрағасы (04.11.1992 – 26.11.1995)

Грузия Парламентінің 1-ші Төрағасы (06.11.1992 – 26.11.1995)

Грузияның 2-ші Президенті (26.11.1995 – 22.11.2003)

 

Тегтер: