Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына барған жұмыс сапарының барысында Өскемендегі «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ-да болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұрсұлтан Наза
Қазақстан Президентіне технологиялық цикл, өндірістік және инвестициялық көрсеткіштер, сондай-ақ жобаны жүзеге асыру кестесі жөнінде баяндалды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесіп, зауыттың табысты дамуына және бәсекеге қабілеттілігінің жоғары болуына тілектестік білдірді.
Заманауи автоөндірісті жолға қою бағытында «АЗИЯ АВТО Қазақстан» АҚ жүзеге асырып жатқан жоба жылына 120 мың автомобиль шығаруға лайықталған. Жоба арқылы Қазақстанның ішкі нарығындағы сұранысты қамтамасыз етіп, өнімді таяу елдерге де экспорттау көзделіп отыр.