08.07.2016 в 01:18

Бауыржан Байбек «Алматы – болашақтың қаласы» 3D-көрмесін тамашалады

Алматы әкімі «Алматы – болашақтың қаласы» 3D-көрмесін тамашалады. «Алматы – өмір сүру және бизнес үшін жайлы қала» V Инновациялық форумы аясында өтіп жатқан аталмыш көрме, үлкен шаһардың алдағы дамуының түрлі жолдарын ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz.

Инсталляциялар шындыққа жақын етіп жасалған, яғни қосымшаның көмегімен гаджетті арнайы бетке жақындатсаңыз, қаланың болашақтағы келбетін көруге болады. Онда Алматының денсаулық сақтау, қауіпсіздік, көлік логистикасы, экология және басқа да салаларындағы келешегі таныстырылды

«Мұның барлығы құр сөз емес, шынымен де жүзеге асырылатындай және қыруар қаражатты талап етпейтіндей болады деп сенемін», - деп атап өтті қала басшысы Б.Байбек.

«Жобаның ерекшелігі сол, ықтимал тапсырыс беруші бірден қарастырдық және бюджетін ақылды әрі қауіпсіз қаланы дамытуға ықпал ететін стандарттарға сәйкес оңтайландырдық», – деді көрмені ұйымдастырушылар.

Форумда Ресей, Израиль, Оңтүстік Корея, АҚШ, Мексика, Германия және тағы басқа елдердің танымал халықаралық сарапшылары бас қосты.