Ішкі әскердің жауынгерлік жолын жалғаушы Ұлттық ұлан еліміздің ішкі тәртібі мен қоғамдық қауіпсіздігі жолында өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып келеді.
Осы жылдың жазында азаматтық борышын өтеуге келген жас сарбаздар Отан қорғаушылармен тең дәрежеде сапқа тұру үшін бір айдан аса уақыт арнайы дайындық курсынан өтті. Бүгін Алматы және Жамбыл облыстарынан шақырылған 85 жауынгер Қазақстан халқына адал болуға, оның заңдарын мен ұлттық құндылықтарын қастерлеп-сақтауға ант берді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Салтанатты шараға Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының, өзара іс-қимыл жасайтын органдардың, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері, ардагерлер мен сарбаздардың ата-ана, туған-туыстары қатысты, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен.
Сарбаздар сап түзеген алаңға Жауынгерлік Ту кіргізіліп, Мемлекеттік Әнұран орындалды. Әскери бөлім
Үлкен өмірге қадам басқан Отан қорғаушыларды «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Астана филиалы кеңесінің мүшесі Бидәулет Биманов, ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары запастағы прапорщик Вячеслав Бырсан, қатардағы жауынгер Шілдебаевтың анасы Жамбыл Өтебаева, жас сарбаз Бәкірдің әкесі Зәкір Ибрагимов те құттықтады.
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың атынан тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының бастығы полковник Савердин Имиров ата-аналарды ұлдарының сапқа тұруымен құттықтады.
«Біз, тұрақтылық пен өркениетті көксеген Ұлы дала еліміз. Мен өз Отанын қорғауды, Қазақстан халқын қорғауды, өз жанұясын қорғауды перзенттеріне сеніп тапсырған ата-аналарға алғыс айтқым келеді.
Ант қабылдау рәсімі аяқталған соң, ата-аналар сарбаздардың жатын орнымен, әскердің тыныс-тіршілігімен танысып, ұлдарымен жүздесіп, сейілдеуге мүмкіндік алды.
Осы күні Ұлттық ұланға қарасты 6636 әскери бөлімінің де 270-ке жуық жауынгері Әскери ант қабылдап, жеке құрам санын толықтырды.