Келiсiм екi елдiң ынтымақтастығын дамытуға, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық, туристiк және өзге байланыстарды нығайтуға, әсiресе екi ел азаматтарының өзара сапарларын жеңiлдетуге бағытталған.
«Қазақстан азаматтары сыртқа шыққан кезде визасыз немесе визаны жеңілдетіп алу жүйесін құру туралы Елбасының тапсырмасы бар. Сондықтан, Сыртқы істер министрлігі тұрақты түрде жұмыс атқарып келедi. Міне, Бразилия мен Қазақстан арасында келісімге қол қойдық. Бұл келісім бойынша екі ел азаматтары отыз күнге дейін визасыз сапарлай алады. Өздеріңіз білесіздер, Бразилия Латын Америкасында өз деңгейінде көтерілген мемлекет. Сондықтан, бізге өзгерістің маңызы зор. Әрине, келісімді толықтырамыз», - дедi М.Тiлеубердi.
Бұл келiсiм қазақстандық спортшылар мен азаматтардың биылғы жылы 5-21 тамыз аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетiн жазғы Олимпиада ойындарына қатысуын жеңiлдетедi.
«Өздеріңіз білесіздер, он күннен кейін Бразилияда Олимпиада ойындары басталады. Сондықтан жақын арада осы келісімді күшіне енгізіп, біздің азаматтарымыз Олимпиада ойындарына визасыз барады деп үміттенеміз», - дедi ол.
Сондай-ақ, келiсiм Бразилия азаматтарының Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесiнде «жасыл экономика» саласындағы адамзаттың соңғы жетiстiктерiмен танысуға жол ашады.