18.07.2014 в 12:28

ТМД жастарының статистикалық бейнесі

 

Кеше Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдеріне арналған Халық саны саласындағы БҰҰ Қорының Аймақтық офисі (ЮНФПА), Тәуелсіз мемлекеттер достастығының Мемлекетаралық статистикалық комитеті және Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі «Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы жастар: статистикалық бейнесі» атты статистикалық жинақтың таныстырылымын өткізді.

Жинақтың басылымы - ЮНФПА және ТМД Статкомитетінің бірлескен бастамасының нәтижесі. Бұл Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина мемлекеттерінің ұлттық статистика қызметтерінің жәрдемдесуі және іс жүзінде үлес қосуының, сондай-ақ, статистика саласындағы тәуелсіз сарапшылардың қатысуының арқасында мүмкін болды.

Жинақ жастардың демографиясы, көші-қоны, денсаулығы, білімі, жұмыспен қамтылуы, өмір деңгейі мен сапасы секілді олардың өмірлерінің сан алуан қырларын қамтиды. Бірқатар негізгі көрсеткіштер Достастық мемлекеттері арасында, сондай-ақ, басқа елдермен салыстырылған.

Онда келтірілген статистикалық көрсеткіштерді талдаудың нәтижесінде демографиялық тенденциялардың өзгеруі, сыртқы себептерге байланысты жастар арасындағы жоғарғы өлім-жітім деңгейі секілді Достастық елдерінің қоғам өміріндегі маңызды қырлар анықталған. Статистика жұмыссыздықтың ең жоғарғы көрсеткіші жастардың арасында кездесетінін растап отыр, бұл өз кезегінде жұмыс іздеу үшін жастардың Достастық елдері кеңістігінде қоныс аударуына байланысты олардың арасында кедейлік пен әлеуметтік қауіптердің төну ықтималдығын арттырады, сонымен бірге бұл жастарға ТМД кеңістігіндегі жалпы еңбек нарығында үлкен мүмкіндіктерді ашып отыр.