18.07.2014 в 13:20

"Діни экстремизм, терроризммен күрес күшейтілді"

 

Асхат Дауылбаев, ҚР Бас Прокуроры:

«Бүгінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес шаралары күшейді. 2014 жылдың бірінші жартыжылдығында прокурорлардың арыздары бойынша 15 ғаламтор-ресурстарының өнімі заңсыз деп танылды. Сондай-ақ сот шешіміне сәйкес, экстремистік сипаты бар 175 ақпараттық материалды таратуға тыйым салынды»

 

Биылғы бірінші жартыжылдықта прокурорлар әлеуметтік-экономикалық сипаты бар 269 мыңнан астап тәртіп бұзушылықтарды анықтады. 300 қылмыстық іс қозғалып, 35 мыңнан астам адам жазаға тартылды