Головкиннің жойқын соққыларынан кейін британдық бапкер бесінші раундта рингке сүлгі лақтыруға мәжбүр болды.
Бұл - Бруктың кәсіби рингте өткізген 37 жекпе-жегіндегі алғашқы жеңілісі. Головкин 36-ыншы жеңісіне қол жеткізді.
Айта кетейік, жерлесіміз осы жеңісі үшін 3 миллион фунт стерлинг (4 миллион доллар) гонорар алды. Сол секілді Брукте дәл осындай табысқа кенеледі. Бұл рекордтық сома. Бұған дейін Головкин ең көп табысын Доминик Уэйд пен Давид Лемьеге қарсы өткізген жекпе-жектерінде алған. Ол кезде гонорар көлемі – 2 миллион доллар болған еді.