Екіжақты кездесу барысында Гонконгтық тарап Қазақстанға келгендегі негізгі жұмыстарын айтып, алдағы жоспарларымен таныстырды. Қазақстандық тарап елімізде инвестициялық климаттың жақсарғаны туралы, инвесторларға қолайлы жағдайлар жасалғаны жөнінде және инвесторлардың құқығын қорғауда қатаң талаптар әзірленгенін алға тартты. Сонымен қатар, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасына Гонконгтан келген тікелей шетелдік инвестиция 2005 жылдан 2015 жылға дейінгі аралықта 98,3 млн. АҚШ долларын құраған. Ал,
Кездесуге Қазақстан тарапынан Гонконг қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Әнуарбек Арынғазинов, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов, ҚР ИДМ Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры Гүлдана Садықова, ҚР ИДМ Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Қарманов, ҚР ИДМ Индустрия және туризм департаменті төрағасының орынбасары Темірғали Тырмышев қатысты. Ал, Гонконг тарапынан «Бір белдеу, бір жол» стратегиясын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі уәкіл Ивонна Чой, Гонконг халықаралық арбитражды орталық басқарма төрағасы Тереза Чэн сияқты оншақты бизнес өкілдер қатысты.