Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтері бойынша, Украинадағы шиеленіске орай 230 мыңға тарта адам босқын атанып отыр, деп хабарлайды Reuters.
«Жалпы 230 мыңнан астам адам Украинадағы жанжалға байланысты үйлерін тастап кеткен», - деп атап өтті БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің баспасөз хатшысы Дэн Макнортон.
Оның сөзіне қарағанда, қақтығыстар орын алып жатқан өңірлерден, Украинаның өзге аймақтарына қоныстанғандардың саны 100 мыңға таяу. Сондай-ақ 130 мыңға жуық адам Ресей шекарасын асып кеткен.