«2016 жылдың 8 айында 1,3 трлн. теңгенің өнімі шығарылды. Картаға енгізілген жобалар ай сайын 160 млрд. теңгеден астам соманың өнімін өндіреді. Жыл басынан бері инвестицияның негізгі капиталы 4,8%-ға өсті (4,3 трлн. теңге). Жобалардың 93 %-ы жеке бизнес есебінен жүзеге асырылды. Ал жалпы сомасы 277 млрд теңге болатын 26 жоба мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылды» - деді министр.
Министрдің айтуынша, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 8 автожолға қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, 70%-ы орындалған. Алматы-Шу учаскесінде екінші темір жол құрылысы жүріп жатқаны, жаңа темір жол арқылы тәулігіне 40-тан 80 жұп пойыз қатынай алатыны белгілі болды. Ал жыл соңында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» транзиттік дәлізі қозғалысын ашу жоспарлануда.